11.09.2022
134
ШЫНАРЫМ
Жүрегім менің бұлқынар,
Тыншымай бір сəт, досым-ау.
Қияда тұрған бір шынар
Арманым ба екен осынау?
Қол созса шынар шынарға,
Күміс Күн төгер шапағын.
Шырқамай бұлбұл шыдар ма,
Сайрамай сонда шат əнін?
Шыңдағы биік шынарым,
Мен үшін мəңгі асқақ ол.
Шынардай болып сыңарым,
Көрінсе абзал басқаға ол.