11.09.2022
  90


Автор: Рза Қунақова

СЕН ҮШІН

Жаным-ау, хаттар жазшы тағы да мың,
Өзіңдей хаттарыңды сағынамын.
Сырыңды жүректегі жеткізетін
Қағазға алақандай табынамын.
Сол қағаз байланысы жүректердің,
Сағынып бір сен үшін жүдеп көрдім.
Оянып отты сезім кеудемдегі
Күн емес, сағат сайын үдеп берді.
Сондықтан мен өзіңді аңсап өтем,
Сүюді, сағынуды мансап етем.
Осыдан артық саған бақыт бар ма,
Сен үшін біреу күйіп жатса бөтен.





Пікір жазу