11.09.2022
  79


Автор: Рза Қунақова

МАХАББАТ

Ұйықтап жатқан маужырап балам менің – махаббат,
Алатаудай ақ шашты анам менің – махаббат.
Тəй-тəй басқан алғашқы далам менің – махаббат,
Арманыма жеткізген қалам менің – махаббат.
Жүрегіммен табысқан жарым менің – махаббат,
Арманыммен қабысқан арым менің – махаббат.
Қызығын мол сыйлаған өмір нағыз – махаббат,
Жақсылықты жинаған көңіл нағыз – махаббат.
Жаны жарқын аңқылдақ достар маған – махаббат,
Көтерілген жалпылдап тостар маған – махаббат.
Еркелікті көтерген туыстарым – махаббат,
От боп ұшқан жалыным тыныстағы – махаббат.





Пікір жазу