11.09.2022
  95


Автор: Рза Қунақова

ЖАС ЕДІМ...

Суретке төрде тұрған түсті көзім,
Дəл содан айнымаймын менің өзім.
«Ағаң бар, келмей қалған соғыстан», – деп,
Шешемнің есіме алдым айтқан сөзін.
Жас едім мен ол кезде көре алмадым,
«Ағалап» жəне артынан ере алмадым.
Сұм соғыс əкетті ғой бізден бөліп
Əйтеуір,
аға ауылға оралмады.
Тағдырға болмас ешкім арашашы,
Күтумен ағарды ғой ана шашы.
Əр ауылда солдат кеп, тойлар болды,
Қашан болар біздің үй тамашасы?





Пікір жазу