11.09.2022
  119


Автор: Рза Қунақова

АУРУХАНАДА

Осы үйде өмірмен өлім қатты шайқасар,
Осы үйде дəрігер дертпен түрлі айқасар.
Осы үйде өлімге өмір нүкте қояды,
Шипалы қол астында осында кеселдерді жояды.
Осы үйден тіршілік басталады қайтадан,
Осы үйден өмірге оралады қайта адам.
Мұнда əркез көрсетер ұлылығын тағы адам,
Мейірімділік, кісілік дəл осыдан тараған.
Осы үйге төгеді Күн де нұрын күлімдеп,
Осы үйден қосылады өмірге адам біртіндеп.
Алғыс айтып осы үйге аттанады бар адам,
Сауыққан соң айығып жанға батқан жарадан.





Пікір жазу