11.09.2022
143
Көзіңмен көзім тілдесіп....
Көзіңмен көзім тілдесіп,
Байланды тілің сəтке бір.
Жүректің тілі біл десіп,
Басталды сол кез тəтті өмір.
Аймалап түннің самалы,
Тербетті бізді тіршілік.
Берілмей жүрек қамалы,
Қоясың қатты күрсініп.
Жаутаңдап көзің мөлдіреп,
Қадалып маған телмірдің.
Тұрсам-дағы елжіреп,
Сездірмей саған мен күлдім.
Бірақ та ұқтың тезірек,
Қос жүректің соғысын.
Кей-кейде осы кезі кеп,
Қалады тағдыр тоғысып...