11.09.2022
  103


Автор: Рза Қунақова

АНАМА

Сен маған Отан едің,
Сағынып оралатын.
Мен сенің ботаң едім,
Сүйкімді бола алатын.
Сен менің астанамсың,
Жыр іздеп жүремін мен.
Саялар баспанамсың,
Жылытатын жүрегіңмен.
Өмірсің ғаламдағы,
Ұсынған жазын маған.
Шабытсың балаңдағы,
Өлеңсің жазылмаған.
Сурет қой салынбаған,
Сенің бар қасиетің.
Жүрексің жалындаған,
Тіршілік бас иетін.





Пікір жазу