meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.09.2022
  134


Автор: Рза Қунақова

Көргенде иір толқынды...

Көргенде иір толқынды,
Шашың ба сенің деп қалам.
Көргенде сүйір толқынды,
Қасың ба сенің деп қалам.
Көргенде күміс сағымды,
Жүзің бе сенің деп қалам.
Ұстатпас толқын ағынды,
Ізің бе сенің деп қалам.
Таңданса біреу тамсанып,
Сөзің бе сенің деп қалам.
Сайраса бұлбұл əн салып,
Өзің бе, сəулем, деп қалам.
Жымыңдап тұрған жұлдызды,
Өзің бе, сəулем, деп қалам.
Телмірткен жүзін жүз қыздың,
Көзің бе сенің деп қалам





Пікір жазу