11.09.2022
77
Жыл сайын
Жыл сайын
Көктем келер сенімен,
Құстардың тамылжыған əніменен.
Бой жеткен арулардай жасанады,
Жағада жапырақ жайып кəрі емен.
Жер-Ана
Бойын жазып бусанады,
Қылтиып көрінеді жусан, əне.
Бұлақтар өзенге кеп құйып жатыр,
Жеткізбейді жарысып қусаң бəрі.
Көз тартар
Беткейдегі көктем гүлі,
Есіме түсіреді өткен күнді.
Білсем де оралмасын бал дəуреннің,
Көңілімде осы жыр көктеп жүрді.
Қайда екен
Қызыл гүлге ғашықтығым,
Ұнамас кейбіреуге ашықтығым.
Жыл сайын көктем болып келмейді ғой,
Сағындырған гүл дəурен қашық бүгін.
Бақытты ғой,
Шіркін-ай, жас бүгінгі,
Гүлзарларда қалдырдым жастығымды.
Өкінбеймін, бірақ та өкінбеймін,
Мен сыйладым
Қызыма жас күнімді