11.09.2022
  161


Автор: Рза Қунақова

Шақырады қызғалдақты қыр мынау...

Шақырады қызғалдақты қыр мынау,
Шақырады Алатаудың орманы.
Жасырмай-ақ, айтыңдаршы, құрбылар,
Кімнің толық орындалған арманы?
Көктем келсе, аққу келер қалықтап,
Күйге бөлеп, əнге елтіп бар маңын.
Айтыңдаршы, құрдастарым, анықтап,
Кімнің толық орындалған арманы?
Өтсе-дағы жастық шағың думанмен,
Қия алмайсың оның-дағы бар мəні.
Жете алмайсың өткен күнді қуғанмен,
Кімнің толық орындалған арманы?
Жалғыз арман – махаббат па өмірде?
Əркімнің бар сүйіп тапқан жан-жары.
Біреу емес, бірнеше арман көңілде,
Кімнің толық орындалған арманы?





Пікір жазу