11.09.2022
  141


Автор: Рза Қунақова

Аққуың боп түлеп ұшқан айдыннан...

Аққуың боп түлеп ұшқан айдыннан,
Аттанайын, жаным, алыс сапарға.
Жасқанбайын басқа түскен қайғыңнан,
Таң да үнемі біркелкі боп атар ма?
Түсін менің мінезімді, асылым,
Тереңіне жүрегімнің бойла да.
Ашулансам, жарқ ететін жасынмын,
Мерт боларсың ондай сəтте, ойнама.
Қажетіне жарасын деп халқымның,
Жүректегі жыр маржанын теремін.
Керек емес маған атақ, даңқыңның,
Қуантса егер əрбір жазған өлеңім.





Пікір жазу