meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.09.2022
  137


Автор: Рза Қунақова

Уақыт санаспайды...

Уақыт санаспайды,
Аяңдап өте берер.
Мен оған таласпаймын,
Күндер жылжып,
Байқаусыз кете берер.
Қол созып ту, алысқа,
Жетем деп құлшынамын.
Кезіксең қуанышқа
Оның да шегі барын
Түсініп, білші, жаным.
Уақытқа оздырмаймын,
Жіберіп есемізді.
Шараппен тоздырмайық
Бақыт толы кесемізді.





Пікір жазу