11.09.2022
179
![](/uploads/shorttexts/author_image/2234cd6c875503b01034923f72fc9a7a.jpg)
Құрдастарым əзілдеп...
Құрдастарым əзілдеп,
Мені жаңа көргенде.
– Жап-жассың ғой қазір де,
Он сегізге келгендей. –
Дейді осылай үнемі,
Кездескенде менімен.
Лүпілдей ме жүрегі,
Сырласуға теңімен.
Көтеретін көңілді
Қалжыңы ғой солардың.
Қызықты етер өмірді,
Қуаныштары болар мың.