11.09.2022
93
Сен туралы айтылған сөзге ермедім...
Сен туралы айтылған сөзге ермедім,
Маған неге ертерек кез келмедің?
Кеш үрлеген жалының өртке айналып,
Мінезімнің сездің бе өзгергенін?
Көрген емен ешкімге мұңым шағып,
Жүрекке сөнбес отты қойдың жағып.
Мен сені ойлағанда жыр жазамын,
Жұлдыздай жалт еттің де кеттің ағып.
Жаным-ау, сөзің өткір, өзің жасық,
Айтар ма ақын саған сырын ашып.
Кілт таппасаң жүректің қақпасына,
Өтерсің өмір бойы болып ғашық.