meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.09.2022
  197


Автор: Рза Қунақова

КӨЗ

Көз – жүректің дөңгелек шар айнасы,
Адастырар оның да бар айласы.
Көз – көңілдің картасы ашық жатқан,
Қарашыққа жалт еткен қарайлашы.
Егіз көзден сезеді жан сырды адам,
Пейіліңді көреді аңқылдаған.
Кей кездерде болады-ау ашу-ыза,
Шайқастарда найзадай жарқылдаған.





Пікір жазу