11.09.2022
  125


Автор: Рза Қунақова

Асау өзен тасыса....

Асау өзен тасыса,
Арнасына сыймайды.
Дарқан көңіл жасыса,
Жүрегіңді қинайды.
Əр нəрсені кек санап,
Тізе берме көңілге.
Сараң малын көп санап,
Көбейтпеген өмірде.
Ұнамаған адамды,
Жүректе көп сақтама.
Көрсең де пəс наданды,
Ар-намысын аттама.
Сонда жарқын естілер,
«Адам» деген ұлы есім.
Наданға да ес кірер,
Білсе өмірден үлесін.





Пікір жазу