11.09.2022
  150


Автор: Рза Қунақова

САҒЫНАМЫН ƏНІҢДІ

Бұлбұлдай тамылжыған дауысынан,
Келеді кезек-кезек ауысып əн.
Əлдилейтін жанымды,
Аңсадым-ау əніңді.
Əуезің күміс бұлақ сыңарындай,
Жақұттай, хрустальдің сыңғырындай.
Жаңарып дүние барады
Қосылып əн салады.
Əніңе тұра берсем құлақ түріп,
Елтігеннен қалады бұлақ тынып.
Əлдилетіп жанымды
Сағынамын əніңді.





Пікір жазу