11.09.2022
125
Басқа түссе қайғы кейде батпандап....
Басқа түссе қайғы кейде батпандап,
Жаның жасыр, жартас жаншып жатқандай.
Сондай кезде естіген əр жылы сөз,
Мамырдағы жібек самал, ақ таңдай.
Бірақ адам қиындықты жеңеді,
Адамзатқа қашан, кімдер тең еді.
Дақ қалса да жүрегің мен жүзіңде,
...Үміт етіп ертеңге əркім сенеді.