11.09.2022
179
О, өмір!
О, өмір!
Неге мұнша қысқасың?
Біреулерді бүтін қып,
Ал біреуді жарты етіп
Жаратуға ұстасың.
Маған салса мəңгілік
Атар еді таң күліп.
Жырға бөлеп өзіңді,
Өтер едік əн қылып.
Бірақ-тағы менен де,
Өмір, сенде күш басым.
Адам атты аққулар
Көлден ерте ұшпасын