11.09.2022
91
Отты сəуле тұр алдымда...
Отты сəуле тұр алдымда,
Айлы түнде ойнаған.
Жасыл қайың тұр алдымда,
Сыбырлайды жай маған.
Арманыңды ақтардың сен
Көктемнің сол кешінде.
Жапырағын бақтардың мен
Үзген жерім есімде.
Есімде əлі ойнағаным
Гүлді көктем айында.
Ыстық маған, ойға аламын,
Сол бір үлкен қайың да.