11.09.2022
139
Сен бе едің түсімде гүл ұсынған...
Сен бе едің түсімде гүл ұсынған,
Көп өтуші ең тереземнің тұсынан.
Нелер, шіркін, лала гүлдің шоқтарын,
– Алшы, – деуші ең, – сыйға тартам, ұсынам.
Сөйте-сөйте жақындады арамыз,
Гүл теруге күнде бірге барамыз.
Өлеңді қос дауыспен саламыз,
Сол бір кезде екеуміз де баламыз.
Байқамаппыз өмір жолы көптігін,
Сол бір сағым жеткізбейді, жоқ бүгін...
Бұлт басады көңілімнің көктемін,
Көргенімде қызыл гүлдер шоқтығын.