11.09.2022
  102


Автор: Рза Қунақова

МЕН АЙТАМЫН ƏНІМДІ

Сен айтасың əніңді,
Кейде менен жасырып.
Мен айтамын əнімді,
Иығыңа асылып.
Сен тартасың күйіңді,
Екі шекпен жеткізіп.
Мен жылытам үйімді,
Жыр жолынан от тізіп.
Ой жақсысын саралап,
Кейде үнсіз қаламын.
Ренжітіп алдым ба,
Томсырайып отырсың
Қыранындай даланың.





Пікір жазу