11.09.2022
87
СЕН МЕНІ САҒЫНБАСАҢ
Сен мені сағынбасаң,
Əніңе қоспас едің.
Сен мені сағынбасаң,
Жолымды тоспас едің.
Сен мені іздемесең,
Бұлбұл боп сайрамас ең.
Сен мені іздемесең,
Гүл болып жайнамас ең.
Сен мені іздемесең,
Көлдерге бармас едің.
...Сен мені іздемесең,
Жігіт те... болмас едің.