11.09.2022
101
Кейде көңілім дариядай толқып тасыған...
Кейде көңілім дариядай толқып тасыған,
Шынар болам тербелген шың басынан.
Кіріп кетіп Күн-көңілге шөкім бұлт,
Кездерім бар өздігінен жасыған.
Түндер бар-ау кірпікке кірпік айқаспас,
Жүрегің титтей сая таппас, жай таппас.
Кездерім бар-ау кешірімпаз боп кететін,
Келсе де жауым қарсыласып шайқаспас.