11.09.2022
128
Қараса біреу көз алмай....
Қараса біреу көз алмай,
Өзіңді содан қызғанам.
Тулайды сезім төзе алмай,
Сөзіңді содан қызғанам.
Ұқсаса саған бір кісі,
Жүзіңді одан қызғанам.
Айнымаса да күлкісі
Сезімді содан қызғанам.
Кез келсе кейде періште,
Құмартпа, жаным, қызба оған.
Күнім жоқ сенсіз пейіште
Сол үшін сені қызғанам.