meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  11.09.2022
  157


Автор: Рза Қунақова

ҚЫЗДАР, ШІРКІН, ҚЫЗЫҚ ҚОЙ...

Шіркін-ай, қызық қыз деген,
Арманнан үміт үзбеген.
Адамдар көп қой біз деген,
Үміттің отын іздеген.
Сонда да маңғаз жүретін,
Наздана ғана күлетін.
Қызық-ау, қызық қыз деген.
Қызық-ау, қызық қыз деген.
Бақытын сырттан іздеген.
Жаудырап көзін сүзбеген,
Арманнан үміт үзбеген.
Жүрекке жара салмайтын,
Сүйгенін ғана талғайтын.
Нəзік-ау, нəзік... қыз деген





Пікір жазу