11.09.2022
  107


Автор: Рза Қунақова

КӨЗКӨРГЕН

«Əкең болған қайсар» деп,
Жолдастары мақтайды.
«Шешең болған жайсаң» деп,
Сырластары мақтайды.
«Ағаң жомарт болған» деп,
Жыр қылады құрбысы.
Жақсы сөзін маған кеп,
Айтады ылғи əр кісі.
Шегі жоқ бұл сөздердің,
Ауылға мен оралсам.
Арман не... ескі көздердің
Мұрагері бола алмасам?!





Пікір жазу