11.09.2022
  227


Автор: Рза Қунақова

КӨРГЕНІМ ЖОҚ СОҒЫСТЫ

Көргенім жоқ соғысты от ойнаған,
Көргенім жоқ солдатты атойлаған.
Естігем жоқ дауысын зеңбіректің...
Əңгімелеп берді тек атай маған.
Білемін, ағам жүрді оқпен ойнап,
Білемін, əкем жүрді отпен ойнап.
Бетпе-бет өлім,
өмір айқасында,
Мен жүрдім балалықпен,
доппен ойнап.
Бірақ та,
соғыс жайлы білем жақсы,
Ол кезде елде күлкі болды тапшы.
Жүрді анам қырман шаңын бұрқыратып,
Тұрды ағам Отанына болып сақшы.





Пікір жазу