meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.09.2022
  154


Автор: Рза Қунақова

ӨМІР ГҮЛІ

Ішінде ойнап жүрген көп баланың,
Жылағанын «Нұрлан ба?» – деп қаламын.
Қөңілім дамыл таппай, далаға ауып,
Аулаға əлсін-əлсін көз саламын.
Бір сəтке олсыз көзім ілінбейді,
Шаршатсын, ұйқы бөлсін ұлым, мейлі.
Бала – бал, бала – бақыт, бала – қызық,
Сондықтан əрбір ана «гүлім» дейді.





Пікір жазу