10.09.2022
  169


Автор: Рза Қунақова

ЖЕҢЕШЕМЕ

Жеңеше-ау, сағындым ғой назыңды мен,
Арналып бір өзіңе жазылды өлең.
Қуандың, қарсы алдың, күлім қағып,
Ауылға барғанымда жазында мен.
Жетер деп қадіріме ойлайтынмын,
Құрбымдай əзілдесіп ойнайтынмын.
Сыншыл да сыршыл сенің жанарыңа
Қаншама қарасам да, тоймайтынмын.
Ұнатам айдай ашық мінезіңді,
Сағындым балбыраған нұр өңіңді.
Көзіме елестейді жарқын жүзің,
Мен неге ұмытайын бір өзіңді





Пікір жазу