10.09.2022
  86


Автор: Рза Қунақова

ҚАЙДАСЫҢ?

Шыққанда Күн күлімдеп,
Тұрғандай мені «гүлім» деп,
Түсірді сені есіме.
Күн батса қызыл араймен
Көз алмай соған қараймын,
Қараймын үнсіз тесіле.
Көп жүзген бардым көлге де,
Оралдым қайтіп бөлмеге.
Қайдасың, сен қайдасың?
Жазсам да өлең ойланам,
Сонда да сені ойға алам.
Қайдасың, сен қайдасың?
Күдерімді үзбеймін,
Бəрібір мен іздеймін,
Қайдасың, сен қайдасың?..





Пікір жазу