10.09.2022
  131


Автор: Рза Қунақова

ШАҚЫРЫПТЫ ТОЙЫНА

Досым еді бірге оқыған кезінде,
Мінезін де ұнатушы ем, өзін де.
Бірге туған адамдардай сыйластық,
Арамызда болды өте қимастық.
Еркелетіп мені кейде кішідей,
Ақыл айтып өзі үлкен кісідей.
Қоятынмын мен де назбен еркелеп,
«Жездетайлы» боламын деп ертерек.
Бұл сөзіме абыржымай күлетін,
Бір жігітке жақынырақ жүретін.
Өмір, шіркін, тарам-тарам жолы кең,
Кейін бірге бола алмадым онымен...
Бүгін, міне, хатын алдым досымның,
Қуанышты тілегіне қосылдым.
«Кел тойыма, өзің бірге бол, – депті,
Екеу боп кел, бар тілегім сол», – депті





Пікір жазу