10.09.2022
  88


Автор: Рза Қунақова

ҰНАМАЙДЫ

Бір күні досым
Маған тосын,
– Ой, сенің осың
Маған
Ұнамайды.
Көрсетпе мынадайды –
Көйлегің кең,
Ұзын жең,
Халатпен тең.
Тар етіп неге кимейсің?
Кимононы,
Əрине,
Сүймейсің.
Болсаң да білімді,
Алмайсың тілімді.
– Деп қатты сынағаны,
Осылай қинағаны.
Басындағы шашын –
Көрініп тұр бұрағаны.
Ұзын тырнақ,
Қызылдығы қандай,
Өзі бір жұмбақ
Жүрген жандай.
Көздегі кірпік
Бір-бірінен үркіп,
Тікенектей қадалыпты.
Қолды сермеп сөйледі-ай,
Үстіндегі
Кеудесі ойылған,
Болар-болмас
Бірдеңе қойылған.
Етегі қаптай,
Жүруі күш,
Тұсаулы аттай...
Айтып едім пікірімді
– Қараңғылық, – деп,
түкірінді.
...Тақты сөйтіп нелер сын,
Мұндайларға не дерсің?





Пікір жазу