10.09.2022
  75


Автор: Рза Қунақова

БІР ЖІГІТКЕ

Қайта-қайта тесіліп,
Сағатыңа қарайсың.
«Қалды неге кешігіп?» –
Деп, уақыт санайсың.
Ұзақ тұрып күзеттің,
Сол бір үлкен қайыңды.
Табаныңнан сыз да өтті-ау,
Күтемін деп айыңды.





Пікір жазу