10.09.2022
  99


Автор: Рза Қунақова

Жазылмады жанымның жан жарасы...

Жазылмады жанымның жан жарасы,
Алшақтады қос жүректің арасы.
Қайтейін-ау, кетер емес есімнен
Жаутаңдаған сол бір көздің қарасы.
Тағдырымды мен қолыңа бермедім,
Қол ұстасып бірге өзіңе ермедім.
Жалт еттім де, ғайып болдым жұлдыздай
Қарасаң да күнде жолға, көрмедің.
Кім кінəлі, мен бе, əлде, өзің бе?
Түсінбейтін, əлде, бала кезім бе?
Кетсек тағы екі жаққа екеуміз
Тек келбетің қалыпты ұйып көзімде.





Пікір жазу