10.09.2022
101
Тəтті жыр жарым болса, қиясың ба?
Тəтті жыр жарым болса, қиясың ба?
Өрмелейін нелер шың қиясына.
Ассын деп бар арманым ойымдағы,
Күннің де бірге кірдім ұясына.
Сырластым жұлдызбен де жымыңдаған,
Ұсынды сый ғып жұлдыз жырын маған.
«Жаз-жаз», – деп, қаламымды ұсынады,
Назды өлең бейне жігіт қырындаған.