10.09.2022
137
ҚЫЗДЫҢ СЫНЫ
Көрдім оны келе жатып көшеде,
Кездейсоқ бір кездестірдім кеше де.
Сыр бермедім, көңіл қоймай өзіне,
«Халің қалай, қарындасым?» – десе де.
Жақындап кеп, амандасты өзіме,
Отты көзін қадай қапты көзіме.
Сыр бермедім, үндемедім тағы да,
Оның айтқан нелер жылы сөзіне.
Деп жүр ме екен, əлде, мені «шала» ғой,
Махаббатты түсінбейтін бала ғой.
Қыз сынына төзе алмасаң, жігітім,
Қапаланба, жолың анау, бара ғой.