10.09.2022
  137


Автор: Рза Қунақова

Гүл де əсем болмайды....

Гүл де əсем болмайды,
Жапырақсыз.
Көл де толқып болмайды,
Атырапсыз.
Бұлбұл сайрай ала ма,
Болса тілсіз.
Əлем жайнай ала ма,
Көкте Күнсіз.
Түнім жарық көрінер,
Жұлдызымен.
Адам алып көрінер,
Ұл-қызымен.





Пікір жазу