10.09.2022
  111


Автор: Рза Қунақова

Нөсерше кейде құйылып....

Нөсерше кейде құйылып,
Өзенше тасыр өмірің.
Əп-сəтте одан тиылып,
Өзгере қалар көңілің.
Қызық қой өмір құбылған,
Алтайы қызыл түлкідей.
Жастығың тайып тұғырдан,
Өтер де шығар бір күндей.
Ақтарып кейде алмасаң,
Ойыңнан сырың асады.
Қырандай самғап алмасаң,
Көңліңді кім ашады?..





Пікір жазу