10.09.2022
  81


Автор: Рза Қунақова

НЕГЕ ОСЫЛАЙ?

Досыма тілейтінім – татулық,
Жақсылықтың керегі не сатулы?
Қысылғанда қолын берген жолдасың,
«Қарымтасын қайтар», – дейді, ол да шын.
Бір кездерде кеткен сенен суынып,
Ісі түссе, қолпаштайды туысың.
Кейде осылай құбылмалы тіршілік,
Еске түссе, қиналамын күрсініп.
Адамда ғой ерік, билік, күш дейтін,
Өзіміз ғой соның бəрін істейтін.





Пікір жазу