10.09.2022
  89


Автор: Рза Қунақова

Ашумен кетсем арындап....

Ашумен кетсем арындап,
Жұрт «жеңілтек» десе, дер.
Жастықпен кетсем жалындап,
Жан досым, мені кеше гөр.
Жаманым болса, «жасыр» деп,
Ешқашан сенен сұраман.
Жақсым болса, «асыр» деп,
Болды ма күнім сұраған?
Шайқалмай өтсін өмірім,
Бақытым үшін жүр аман.
Адал болсын көңілің,
Осыны ғана сұранам





Пікір жазу