10.09.2022
212
Маған қымбат əзілің құрдастарым....
Маған қымбат əзілің құрдастарым,
Жаз жаныңа – көңілді сырлас жаным.
Болған соң мен сендерге жақын құрбы,
Жаныңа жақын келіп жыр бастадым.
Жас өмір таусылмайтын дастан болса,
Маңымда оны ұғатын жастар толса,
Шешемнің ең кенжесі болсам да мен,
Тым ерте еркелікті тастар болсам.
Тамаша, шіркін, қандай көңіл кеңі,
Тарлықтың, тайыздықтың жеңілгені.
Ашты да алып құшақ маған арнап,
Желпінтіп кетті дүлдүл өмір мені.
Қазір мен сол өмірдің солдатымын,
Майданы мол, бермейді-ау жанға тыным.
Ақын боп ұйқы қашқан түнді қуып,
Тұратын бір шетінде Алматының...