10.09.2022
181
БЕГЕМОТ
Арандай аузын ашады,
Қорқақ бала қашады.
Қорықпа, дос, көре кет,
Тимейді əсте бегемот.
Өте қысқа аяғы,
Сумен тісін шаяды.
Сіміре оны бір жұтса,
Соған-ақ қарны тояды.
Қуса саған жетпейді,
Судан ұзап кетпейді.
Аузы үлкен керемет,
Зоопарктен көре кет.
Міне, қандай бегемот,
Жаратылысы керемет.
Өкінесің келмесең,
Балалар, оны көре кет