10.09.2022
  151


Автор: Рза Қунақова

ЕЛІГІМ-АУ, ЕЛІГІМ

Тез түлеген жетіліп,
Тау мен тасқа секіріп.
Қолға үйреткен елігім,
Мазамды тұр кетіріп.
Əлде, ауырып жүр ме іші,
Ойынмен жоқ мүлде ісі.
Түнде жатқан орнынан,
Келмейді бір тұрғысы.
Қозыларды көрмейді,
Лақтарға ермейді.
Еркелеткен елігім,
Шақырсам да келмейді.
Елігім-ау, елігім,
Ренжітті ме сені кім?
Неге ойнақтап кетпейсің,
Қайда кеткен желігің?
Кетпесінші үрейің,
Қасыңда өзім жүрейін.
Аң дəрігер бар ма екен,
Мал дəрігерден білейін.





Пікір жазу