10.09.2022
119
БӨБЕГІМЕ
О, бөбегім,
Құттықтаймын
Сені туған күніңмен!
Қысып, қысып өбемін,
Шаттық табам
Уілдеген үніңнен.
О, бөбегім,
Өмірімнің гүлісің,
Құшырлана өбемін.
Сен ананың күнісің.
О, бөбегім,
Сенсің менің өлеңім.
Жүрегімнің жырысың,
Көңілімнің нұрысың.
Балапаным,
Алға қарай талпынған.
Жаюлы ыстық алақаным
Қарсы ал күліп –
Дала таңын,
Тек күлкіңді жаратамын,
Менің ерке балақаным.
Ұйықта, балам,
Болма алаң.
Бұзылмайды тəтті ұйқың
бір түнгі.
Батыр ағаң
Болар панаң,
Күзетіп тұр бақытыңды,
күлкіңді.
Ұйықта, айым,
Күн-күн сайын
Бөлінбесін көңілің.
Бəрі дайын,
Ойна, айым,
Шаттық толы өмірің.
Болмай алаң,
Шаттан, балам,
Қаз-қаз алға басасың.
Дарқан далаң,
Отан-анаң,
Менің анам,
Сенің анаң жасасын!