10.09.2022
  131


Автор: Рза Қунақова

АЙДЫ, КҮНДІ КӨРЕМІЗ

«Ұшамын», – деп аспанға,
Мақтанады осы інім.
«Қойшы, балам, мастанба,
Мұнысы не осының?» –
Деп əжеміз баласын,
Ұрсатұғын «тəйт, əрі».
Немересі таласып,
«Ұшып кетем» – айтары.
Күндіз-түні ағаштан
Жасайды ол корабль.
«Қандай жақсы ақ аспан, –
Дейді – əже, қара бір.
Самғап ұшам Марсқа,
Айға де мен жетемін.
Əжемді де алысқа
Бірге алып кетемін.
Əжем-дағы, өзім де
Скафандр киеміз.
Жетсек Күннің көзіне
Біздер оған иеміз.
Жатады əжем тынығып,
Шай да өзі қайнайды.
Мен жаттығам шынығып,
Балалармен ойнаймын». –
Осылай деп үгіттеп,
Əжесімен келісті.
«Болшы үлкен жігіт», – деп,
Əжем бата берісті.
Екеуі отыр əзір тек,
«Космонавт» боламыз.
Ұшып кетсек қазір – деп –
Айға барып қонамыз.
– Əңгімесі сол ғана –
Айды, Күнді көреміз.
Ашқаннан соң жол жаңа
Елге қайтып келеміз».





Пікір жазу