meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.09.2022
  185


Автор: Рза Қунақова

САҚШЫ АҒА

Шекарада тұр аға,
Жауынгер солдат атанып.
Халқы үшін қырағы ол
Қорғайды ұлы Отанын.
Күзетеді ол ананың
Ақ тілеуін, əлдиін.
Күзетеді ол баланың
Ойыны мен əн-күйін.
Күзетеді ол жерінің
Самал сүйген гүлдерін.
Күзетеді ол елінің
Маужыраған түндерін.





Пікір жазу