10.09.2022
  119


Автор: Рза Қунақова

СОҚ, БАРАБАН!

Сенің даусыңнан
Ерлік үні тараған.
Соқ, соқ, барабан!
Құлақ түрер бар адам.
Аяқтарын нық басып,
Сенің қуатты үніңе.
Үмітпенен қараған
Əлемдегі бар адам.
Соқ, соқ, барабан!
Достық, бірлік белгісі.
Үлкен-кіші қалаған
Бір өзіңнен тараған.
Соқ, соқ, барабан!
Жеңіс пенен жақсылықты
Паш етуге жараған.
Соқ, соқ барабан!
Соқ, барабан!





Пікір жазу