meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  10.09.2022
  128


Автор: Рза Қунақова

ƏҢГЕЛЕК

Сары ала əңгелек,
Өседі бақшада.
Доптай ғып дөңгелек,
Шикі үзіп тастама.
Сап-сары дөңгелек,
Қозыдай көгенде.
Бал татыр əңгелек,
Піскен соң жегенде.
Əңгелек, əңгелек,
Жегендер дəндемек.
Атың бір болғанмен,
Түрлерің сан бөлек.





Пікір жазу