10.09.2022
117
БАТЫРЛЫҚ
«Мен – батырмын, қорықпаймын», –
деп Мұрат,
Бірге оқитын жолдасына мақтанды.
Қиыршықтар артта қалды бұрқырап,
Шаңғы сызып бара жатыр ақ қарды.
Келді екеуі басына бір қыраттың,
Зырламақ боп шаңғыменен төбеден.
Түсі өзгерді, өңі қашты Мұраттың:
«Мына төбе биік еді не деген?»
«Батырлығың қайда, досым?» – деп анау,
Жауап күтті қасындағы Мұраттан.
Сөзде батыр, істе қорқақ жаман-ау,
«Жығылам», – деп,
жылжымады ол қыраттан.